«Ауыл» партиясы да праймериз өткізе ме?

23 Қыркүйек 2020, 17:53
1482
Бөлісу:
«Ауыл» партиясы да праймериз өткізе ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға ОКҚ-дағы онлайн брифингте «Ауыл» ХДПП орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов жауап берді.

Nur Otan партиясы праймериз өткізіп жатыр. Кеше СЦК алаңында "Ақжол" партиясы да сайлау өткізуге қарсы емес екендерін мәлімдеді. Сіздерде сондай сайлау өткізу жоспарда бар ма? - деген редакциямыздың сауалына «Ауыл» партиясы өкілдері жауап берді.

 

Демократиялық қоғамда әр партияның ішкі іріктеу жүйесі әр түрлі өтетіні заңдылық. Бұл сұраққа нақты жауап керек болса – «Ауыл» партиясында праймериз өткізу жоспарда жоқ. Бірақ біздің өңірлерде 17 филиал бар, 200-ден астам аудандық партия ұйымы, 500-ден астам бастауыш партия ұйымы бар. Осы уақыт аралығында іріктеліп, белсенділеріміз анықталып жатыр. Яғни «Ауыл» партиясының ұстанған стратегиясы басқаша. Басқа партияларды қайталауға да міндетті емеспіз. Ол жағынан еріктіміз. Сонымен қатар партияның іріктеу жүйесі өзгеше. Қазір сол өңірлердегі партия мүшелерінің арасынан алға шығып, белсенділік танытып жүргендер міндетті түрде ескеріледі, - деп жауап берді Қуаныш Сейтжанов брифингте. 


 

Өзгелердің жаңалығы