Бас жаңалықтар
Ауыл мектептерін жан басына қаржыландыру 2023 жылы басталады – Аймағамбетов
02 Қыркүйек 2021, 10:30 613

Ауыл мектептерін жан басына қаржыландыру 2023 жылы басталады – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға көшіру 2023 жылы басталатынын айтты.

Министр толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру 2023 жылдан басталатынын айтты. Бұл жұмыс 2022 жылы пилотты түрде өткізіледі.

2020 жылы барлық қала мектебін жан басына қаржыландыруға көшірдік. Сондай-ақ оның оң нәтижесін көріп отырмыз. Біріншіден, әр түрлі өңірлердегі мектептерді қаржыландыру көлемін біршама теңестірді, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік беріп, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және білім беру саласына жекеменшік инвестициялар тартуға жағдай жасады, - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл шара қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтағын да шешуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Мемлекет басшысы кешегі халыққа арналған Жолдауында берген тапсырмаларды қалай орындайтындарын айтқан болатын. Аймағамбетов биыл 200 мектеп іске қосылатынын және 2025 жылға дейін жыл сайын тағы 200 мектептен ашылатынын баяндады.


Фото: дереккөз
Загрузка...