«Ауыл – ел бесігі» жобасына Ұлттық жоба мәртебесі берілуі мүмкін

23 Қазан 2020, 19:36
1531
Бөлісу:
«Ауыл – ел бесігі» жобасына Ұлттық жоба мәртебесі берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне баса мән берді. Соған сәйкес бүгін Парламенттік тыңдау барысында осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқыланды.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауылдық аумақтарды дамыту мәселесіне баса мән берді. Соған сәйкес бүгін Парламенттік тыңдау барысында осы бағыттағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқыладық. Оларды оң шешу үшін ұтымды ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Шын мәнінде, халқымыз үшін ауылдың орны бөлек. Бәріміздің тамырымыз сол ауылға барып тірелетіні де белгілі. Біз ауылды ежелден береке-бірліктің ордасы санап келеміз. Алдағы уақытта да солай болып қала беретіні сөзсіз - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Ауыл – біздің ұлттық кодымыздың, салт-дәстүріміз бен құндылықтарымыздың қайнар көзі, егемендігіміздің мызғымас тірегі. 

Сондықтан ауылды дамытудың мемлекеттік және ұлттық мүдде тұрғысынан маңызы зор. Осы игілікті іске атсалысу, үлес қосу – бәріміздің азаматтық әрі перзенттік парызымыз. Ауылдарды сақтау және дамыту – ұлттық қауіпсіздікке де қатысты мәселе. Бұл әсіресе, қазіргідей сын-қатерлер кезеңінде өте өзекті. Нақты айтқанда, шекара маңындағы елдімекендерді сақтаудың маңызы аса зор. Бүгін сенаторлар бірқатар түйткілді жайттарға ерекше назар аударды. Ауылдық аумақтарды мемлекеттік басқарудың тиімді механизмін қалыптастыру, сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, тұрғындарды жұмыспен қамту және олардың табысын арттыру сияқты нақты мәселелер көтерілді - деді ол.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев, «Ауыл – ел бесігі» жобасына Ұлттық жоба мәртебесін беру туралы жақсы ұсыныс айтылғанын айты.

Бұл бастаманы орынды деп қабылдаймыз. Ұлттық жоба осы бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шешуге, ауылға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды жүйелеуге мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жетілдіру туралы және басқа да бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта соның бәрі назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіледі деп сенеміз. Бүгінгі тыңдаудың басты масқаты сол, яғни – нақты нәтижеге қол жеткізу. Сенат өз тарапынан қолға алынған жұмыстарға заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсетуге дайын және бұл – біздің Палата қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Сол себепті, ауылды көркейту, туған жерді өркендету үнемі біздің назарымызда болады - деді сенат спикері.
Өзгелердің жаңалығы