«Ауыл – ел бесігі» жобасы: Ақтөбелік кәсіпкерлер ауылдарда 2 млрд теңгенің жобасын жүзеге асырды

29 Наурыз 2019, 16:05
3857
Бөлісу:
«Ауыл – ел бесігі» жобасы: Ақтөбелік кәсіпкерлер ауылдарда  2 млрд теңгенің жобасын жүзеге асырды

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалинге "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының құттықтауын жеткізді.

Ақтөбеде бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына өтті. Өңірге іссапармен барған партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысты. Ол алдымен облыстық филиалдың жаңа төрағасы етіп аймақ басшысы Оңдасын Оразалинді тағайындады.

«Елбасымыз, партия Төрағасының осындай шешім қабылдап, сенім білдіргеніне алғыс айтамын. Елбасымыз партия мүшелеріне үлкен міндеттерді қойып, біраз тапсырмалар берді. Берген тапсырмалардың орындалуына, Ақтөбе облысының көркеюіне барлығымыз ауызбіршілікте жұмыс атқарамыз деп ойлаймын»,-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Кейін елдегі "Халыққа көмек", "Бақытты отбасы", "Ауыл - ел бесігі" және "Құтты мекен" жобаларының маңыздылығын атап өтті.

«Ақтөбе облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын айрықша атап өткен жөн. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз. Елімізде соңғы 10 күн ішінде өте маңызды тарихи оқиғалар болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеуін жариялап, президенттік өкілеттігін тоқтатты. Мұндай шешімнің бір сәтте қабылданбағаны белгілі. Елбасымыз ел мен халықтың мүддесін бірінші кезекке қойып, әрдайым дұрыс шешімдер қабылдайтыны белгілі. Осындай сәтте біздің партиямыз Елбасы қойған міндеттерді абыроймен атқару қажет. Елбасының тапсырмаларын сапалы, уақытылы, тиімді орындаумыз керек»,-деді "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Бүгінге дейін өңірде 80-нен астам көп балалы отбасы "Халыққа көмек" жобасы барысында әлеуметтік терезе арқылы өтініш білдірген. 30 пайыздан көбінің мәселесі жедел шешімін тапқан. Қалған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Өтініштер баспанамен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамтуға қатысты. «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобалары аясында өңірде былтыр «Ауыл қамқоршысы» акциясы басталды. 2018 жылы облыс кәсіпкерлері ауылдарда жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын 344 жобаны жүзеге асырды.  

«Барлық жобалар алдағы кезеңде біздің қызметіміздің нәтижесін көрсетеді. Сондықтан, өңірлік деңгейде жобалар бойынша жүйелі жұмыс атқару маңызды. «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламамыздың сапалы орындалуын жүзеге асыру керек. Бағдарламаның 10 мақсаты да адамға, оның құқығы, қызығушылығына бағытталған. Мақсаттар әр қазақстандықтың жағдайын арттыруға, өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған. Проблемасы бар жандардың барлығы шетте қалмауы керек. Біз аталған жұмыстармен бірге былтыр жүйелі түрде басталған партия қызметін жаңғырту жұмыстарында лайықты жалғастыруымыз керек. Қазір қолға алынған партиялық жобалардың басым бөлігі оң нәтижесін беруде. Ел бойынша 1427 IT-сынып ашылып, мыңдаған бала бағдарламалау мен ротоботехникалардың негізін үйренуде. Оның 28-і Ақтөбе облысына тиесілі. Нұр Отан партиясы мектеп асханаларының да сапасын тексеруді қолға алды. Биыл партия қоғамдық бірлестіктер, ата-аналар, мектеп әкімшіліктерімен 3500 асхананы тексеруді жоспарлап отыр. Ауылдық жерлердегі спорт алаңдары қайта жөнделіп, заман талаптарына сай жабдықтала бастады»,-деді Мәулен Әшімбаев.

"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұмыс сапары барысында өңірдегі бірнеше нысанды аралап көрді. Солардың бірі - «Coworking space» орталығы. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ашылған. 

Өзгелердің жаңалығы