«Ауыл – ел бесігі» жобасы: 10 ауылға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

17 Сәуір 2019, 14:27
2201
Бөлісу:
«Ауыл – ел бесігі» жобасы: 10 ауылға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясында белгілі болды. Жиында 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында болатын Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар сайланып, «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек», «Құтты мекен» жобалары таныстырылды.

Конференцияны облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов жүргізді. 

«Ауыл – ел бесігі» жобасы: 10 ауылға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған сарабдал саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда президент сайлауын өткізу өте маңызды әрі қажетті қадам. Қазір еліміздегі ең беделді және ықпалды саяси күш Nur Otan партиясы үшін тарихи кезең. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс ХІХ съездін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, съезд Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 23 сәуірінде өтеді. Осыған орай, күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру үшін бас қосып отырмыз», - деді Архимед Мұхамбетов.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Досжанова мен «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ аудандық партия ұйымы төрағасының орынбасары Александр Макаренко президент сайлауы туралы пікір білдіріп, бұл шешімді ұжымдастары қолдап отырғанын жеткізді. 

«Ауыл – ел бесігі» жобасы: 10 ауылға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді


«Ауыл – ел бесігі» жобасы: 10 ауылға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

«Қазір жаңа жобалар қолға алынып жатыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасына өңірдегі 548 елді мекеннің 151-і кіріп отыр. Ұлттық экономика министрлігі ол ауылдарда қандай өндіріс ошақтары ашылып жатқанын, шағын және орта бизнестің, ауыл шаруашылығының дамуын саралап қарайды. Әрине, демография мәселесі де назардан тыс қалмасы анық. Биыл он ауылдан бастап көреміз. Щербаков (Алтынсарин ауданы), Әулиекөл (аудан орталығы), Алтынсары (Қамысты ауданы), Озерный, Октябрь, Мичурин, Надеждин (Қостанай ауданы), Боровское (Меңдіқара ауданы), Федоров (аудан орталығы), Тобыл кенті (Таран ауданы) сынды экономикалық әлеуеті жоғары ауылдар таңдалып отыр», - деді облыс әкімі. 

2019 жылы аталған ауылдарда 39 жоба жүзеге асырылмақ. Яғни, жолдары жөнделіп, инженерлік инфрақұрылымдары, әлеуметтік нысандары жаңартылады. Бұл он ауылға алдын ала жоспарланған жалпы сома – 2 млрд 268 млн теңге

Өзгелердің жаңалығы