«Ауыл – ел бесігі». Вице-премьер Павлодар облысында болды
29 Қазан 2021, 22:01 48027

«Ауыл – ел бесігі». Вице-премьер Павлодар облысында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымы жүргізіліп, әлеуметтік нысандар жөнделген Павлодар облысының бес ауылдық елді мекенінде болды. 

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ертіс өңірінде жалпы халық саны 25 мың адамнан асатын 22 ауылдық елді мекенде инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қолға алынды. Жоспарланған 70 жобаның басым бөлігі аяқталды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында кешенді тәсіл қолданылды, ауыл тұрғындарына қажеттінің бәрі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылды.

Р. Склярдың жұмыс сапары Ертіс ауданындағы Қызылжар ауылынан басталып, ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы ғимаратын қайта жаңғырту нәтижесінде ашылған мәдениет үйінде болды. Роман Скляр сонымен қатар акт және спорт залдары мен асханасы жөндеуден өткен жергілікті мектепте болды. 

Сонымен қатар Қызылжарда «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асырудың арқасында жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асатын 9 ауылішілік жол кеңейтіліп, асфальтталды. 

Вице-премьер Ақтоғай ауданы Приреченское ауылындағы нысандарды аралау барысында орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын зерттеді. Мемлекеттік бағдарлама есебінен ғимараттың шатыры, қасбеті, асхана, спорт залы және басқа да ішкі үй-жайлар ретке келтірілді. 

Сонымен қатар жергілікті тұрғындар жаңартылған жолдарды пайдалана алады – ауылдағы 5 көше жөнделді. Павлодар ауданы Новочерноярка ауылында күрделі жөндеу жұмыстарының арқасында үш би үйірмесінің, вокалдық топ пен еріктілер клубының тәрбиеленушілері жайлы жағдайда білім алатын жаңартылған мәдениет үйінің тұсауы кесілді. 500-ден астам бала оқитын жергілікті мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар Новочернояркте ұзындығы 4 шақырымнан астам төрт көше асфальтталды. Павлодар ауданы Заря ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының арқасында толық көлемдегі футбол алаңы пайда болды. Онда елді мекеннің барлық тұрғындары спортпен айналыса алады. 

Сондай-ақ мұнда мәдениет үйі мен жергілікті мектеп күрделі жөндеуден өтті. Роман Скляр Аққулы ауданы Ямышево ауылында да болды. Биыл мұнда мәдениет үйі салынып, 5 шақырымнан астам ауылішілік жол ретке келтірілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...