"Ауыл - ел бесігі". Ауылда тұратын 7 млн адамның өмірі жақсарады

1 Шілде 2020, 14:43
1737
Бөлісу:
"Ауыл - ел бесігі". Ауылда тұратын 7 млн адамның өмірі жақсарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі үш жарым мың ауылда 7 мың шақырым жол жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

130 мың жаңа жұмыс орнын құрып, 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсарту көзделуде. Мұның барлығы "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде жасалуда. Бағдарлама Қостанай ауданында, атап айтқанда, Октябрь ауылдық округінде іске асырылып жатқаны туралы айтайық. Октябрь ауылдық округінде 3800 (үш мың сегіз жүз) адам тұрады. Инфрақұрылымды дамытуға мұнда ерекше назар аударылады. Егер бұрын ауыл ішінде жүру оңай болмаса, қазір бұл проблема артта қалды. "Ауыл - ел бесігі" жобасы шеңберінде бірден бірнеше көшеге күрделі жөндеу жасалды, - делінген хабарламада.

Октябрь ауылдық округінің совхоз орта мектебі 1962 жылы құрылған. Салынғаннан бері күрделі жөндеу жасалмаған. Биыл әлеуметтік нысан қайта жөндеуден соң ең заманауи талапқа жауап беретін болады. Мектепті қалпына келтіруге 400 миллион теңге бөлініпті. Бұл мүмкіндік "Ауыл - ел бесігі" жобасының арқасында пайда болды.

Мектепте 320 бала оқиды. Кабинеттер жаңа жиһазбен жабдықталды. Жаңа компьютерлер алынады. Мектеп оқушылары робот жасау техникасы мен бағдарламалау үйірмелеріне қатыса алады. Ауылдағы Мәдениет үйі де жөнделеді.

Өзгелердің жаңалығы