Бас жаңалықтар
Ауылдағылар Birgemiz қорынан көмек алады
01 Шілде 2020, 20:48 904

Ауылдағылар Birgemiz қорынан көмек алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Birgemiz қорынан берілетін біржолғы атаулы төлемдердің төртінші толқыны жүріп жатыр. Көмекті ауылдық елді мекендердегі мұқтаж отбасылар алады.

30 маусымнан бастап Birgemiz-Qaragandy аймақтық қоғамдық қоры Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында төлемдер жүргізе бастады.

Қордың мәліметінше, облыста 50 мың теңге көлемінде 41 678 тұрғын көмек алды. Төлемдердің жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асты. Төртінші транш аясында 5 300-ден астам ауыл тұрғыны көмек алады.

"Материалдық көмек келесі мазмұндағы SMS арқылы көрсетіледі: "Сіздің шотыңызға Birgemiz қорынан 50 000 теңге түсті. #МыВместе, Елбасы, Nur Otan", - деп хабарлады қорда.

Birgemiz республикалық қоғамдық қоры Елбасының бастамасымен мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін құрылған.

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар тізімі  жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде анықталады. Көмек алушылар тізімін құру кезінде қор мемлекеттік органдардың ресми деректеріне сүйенеді.

Қолдау төрт санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

1) аз қамтылған көп балалы отбасылар;

2) 1-ші топтағы мүгедектер;

3) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміне кіретін жасы бойынша зейнеткерлер.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...