Ауыл әйелдерінің форумы: Жетістіктің құпиясы

29 Қазан 2020, 17:50
2346
Бөлісу:
Ауыл әйелдерінің форумы: Жетістіктің құпиясы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жетісу өңірінің табысты, іскер әйелдері Алматы облысы ауыл әйелдерінің форумы барысында жетістіктерімен бөлісті. «Алматы  облысы  ауыл әйелдерінің форумы – 2020» онлайн форматта өтіп жатыр. Форум «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, сондай-ақ «Coca-Cola» Халықаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Форумда ауыл әйелдері бизнестегі жетістіктерін айтып берді.

«Алға Инвест» ЖШС директоры, Жамбыл аудандық іскер әйелдер кеңесі Меруерт Молдашева жетістік жолы туралы айтып берді.

Әкем Молдашев Сағындық құрылысшы, ал анам Молдашева Бақытбала аспазшы болып еңбек еткен қарапайым жандар. Алғашқы еңбек жолын 1999 жылы ауылдық тігін цехында тігіншіліктен бастадым. 2003 жылы Алматы қаласындағы Саудакент базарында нан өнімдерін жасайтын шағын наубайхана ашып, 5-6 адамды жұмыспен қамти отырып, кәсіпкерліктің алғашқы баспалдағын бастадым. Көкейдегі жоғарғы білім алсам деген ізгі арманмен 2005 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті атанып, 2011 жылы тігін бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасауды кәсіби тұрғыда үйрететін Педагог біліктілігін игеріп шықтым, - деді Молдашева.

Ол оқумен қатар 2010-2012 жылдары «Келешек-АВХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер болып еңбек етеді. Өз ісіне деген жоғары жауапкершілігі мен тынымсыз еңбекқорлығының арқасында 2013 жылы «A.Rich» ЖШС директоры лауазымына шақырылады

Компания негізінде құрылған «Келешек» балалар демалу лагері 2010 жылдан бастап Іле Алатауы бөктеріндегі табиғаты әсем жерде жұмыс істеп келеді. Бүгінде 350-400 балаға арналған орында жыл сайын жаз айларында еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар келіп демалуда. Лагерьдегі жатын орындары, асхана, медициналық бөлім барлығын қосқанда 6 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Балалардың жақсы демалып, жаз мезгілін дұрыс өткізуіне, өз-өздерін дамытып, болашақтарына жаңа бағыт табуына барлық жағдай жасалған. Сапалы түрде 5 уақыт дұрыс тамақтану да диетолог маманның жіті қадағалауымен жүзеге асады. Күн сайын әр баланың денсаулығын білікті педиатр-дәрігерлер тексеріп отырады. Қауіпсіздік шарасы да тыс қалған емес, лагерь аумағы күн-түн күзетте. Лагерь аумағында спорттық алаңдар, баскетбол мен футбол алаңы, жүзу бассейні, әртүрлі іс-шараларды өткізетін арнайы сахна орналасқан. Көңіл көтеретін қызықты ойындар, жарыстар, концерттер, шығармашылық, көркемдік сайыстар, КВН ойындары жиі өткізіліп, балалардың өзін-өзі дамытуына, бойындағы талантын көрсетуге, дарынын ашуға ықпал етеді, - деп бөлісті ол. 

Меруерт Молдашева бұл жұмысымен бірге 2014 жылдан бері «Алға Инвест» ЖШС-нің директоры қызметін қатар атқарып келеді. Қазіргі уақытта 30 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік меншігіндегі  жиһаз өндіретін склад, тойхана, сплинторлы кірпіш шығаратын цех сынды ірі жұмыс орындары мен ғимараттарды, жылжымайтын мүліктерді жалға беру қызметімен айналысады.

«Әр жеткен жетістігім – өзіме деген сенімім» деген қағидамен қаншама белестерді қиыншылығымен қоса артқа тастап, болашақта бағындырар биіктерге нық қадам бастым, отбасында екі қыздың анасы. Тұңғышы Назерке Нархоз университетінің 3-курс студенті, ал  екінші қызы Мерей мектептің 11-сыныбында білім алып жатыр,- деді ол.

Ал «Мерей Әсем» ЖШС директоры Алакөл ауданы Үшарал қаласы Қизат Мукубаева наубайхана ашып алған. 

Мен Мукубаева Қизат Жұмашқызы 1958 жылы 2 ақпанда Үшарал қаласының тумасымын. 1990 жылы тоқырау заманы басталғанда, өзімнің алғашқы кәсібімді бастадым, аздап нан пісіріп, 2 адам көмекші алып, базарға барып сатып жүрдім. Ол кезде ұн табу, шикізаттың озін табу өте қиын болатын, нанды отқа, көмір жағып пісіретінбіз, духовка пешін салып берді. Содан сұраныс көбейіп, 1995-1996 жылы электрлі  пеш алып, жұмысшылар алып, наубайхананы үлкейттік, әскери тендер алдық, аурухана, бала-бақшаға да пісірдік, - дейді Мукубаева.

Кәсіпкердің айтуынша, 2000 жылдары сұраныс көп болғандықтан өз күшіммен, шетелдік италияндық конвекциялық пеш алып ассортимент көбейткен. 

Кәзір наубайханада 30-40 адамды жұмыспен қамтыдық. Біздегі жұмыстағы адамдар, жағдайы төмен отбасылар, өзімнің көлігімді, тегін көмір, май, ұн, қант беремін. Көп балалы аналарға және мүгедек отбасына жетісіне 2 рет тегін нан таратамыз. Бескөл ауылдық округінде 14 мектеп оқушысы Абдугалимовтардын немересі көзі көрмейтін, жетім қызды Ресейге емделуге баратын қаражат беріп көмектестік. 2018 жылы Украина Олимпиядаға оқушы балалардың жол ақысын көтердік. Жылда мектепке жол бағдарламасында, аз қамтылған отбасының 2 баланы киіндіремін, - дейді ол.

Өз кезегінде Еңбекшіқазақ ауданы «Жетіқазына» құсбегілер музейінің директоры Динара Серікбаева өз туған жерінде құсбегілік музейін ашқан.

Мен киелі Алтын адамның отаны Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылында тұрамын. Өз ауылымның өсіп өркендеуіне, көркеюіне сүбелі еңбегімді қосып келемін. Ата-анамда осы ауылдың алғашқы қазығын қаққан адамдар. Әкем – Исабеков Баетбай Ұлы Отан соғысының ардагері, Ардагер Панфиловшы, анам Нұрланбекова Қантбала тыл ардагері. Өмірінің соңына дейін еңбекпен өткен адамдар. Осы ардақтыларымыздың еңбекқорлығы бізгеде жұғып, жоғарғы оқу орнын бітіріп, өз ауылымда ең алғашқы қазығын қағып, «Жетіқазына» құсбегілер музейін 2003 жылы аштық. «Өткеннің өнегесі бүгінгінің баға жетпес байлығы» деген. Өткенімізді жандырғымыз келіп, ата-баба дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа өнеге ету басты мақсатымыз болды. Музейге алыс жақын шетелдерден қонақтар келуде. Оқушылар, студенттер тіпті бала-бақшадан да қол ұстасып, қаздай тізіліп келіп тұрады, - деді Серікбаева.

Оның айтуынша, кейінгі уақытта құсбегілік біраз баулап жойылудың аз алдында тұды.

Жетіқазаналықтар жастайынан құсбегілікпен сусындап өскеннен соң қаншама игі іс-шараларға қатысып биіктен көрініп жүр. Өз елімізден бастап басқа алыс-жақын шетелдерге шығып қазақтың төл өнерін төрге шығардық. Англияға барған сапарымызда 33-мемлекеттің көш басшысы болып, ұлттық шеруді бастап жүріп, көк туды биікте желбіретсек, Венгрияда үлкен Эстерком қаласының құрметті азаматы болдық. Францияда Наполеонның аңшылық жасаған орнына 30 мың халықты жинап үлкен өнер көрсеттік.  Сонымен қатар Германия, Манғолия, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінде көрме өткізіп қазақтың тазы-бүркітін, дәстүрін насихаттап қайттық. Елдің ықыласын алып, құрметке бөлену ол-мәртебе. Қаншама алғыс хат, грамота, дипломдар, медаль-кубоктармен мараппатталдық. Шетелдерден келген құттықтаулар шексіз.  Құсбегілік өнер кез келгенге берілмейтін қиында қызық сала. Құсбегі батырда батыл, қырандай ұшқыр өжет болу керек . Бүркітпен аңға күз-қыс айларында шығып, көктем-жаз айларында түлекке отырғызады, яғни демалады, - дейді ол. 
Өзгелердің жаңалығы