Ауыл әкімдерінің сайлауына қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

24 Маусым 2021, 15:15
7597
Бөлісу:
Ауыл әкімдерінің сайлауына қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.

24 мамырда Президент «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізді. Онда ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің шығындары қарастырылған. Бюджет туралы заңда ОСК-ның ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуіне осы жылдың соңына дейін 4,7 млрд теңге қарастырылған, - деді ол.

Мұстафина шығындардың сметасы негізгі шығындарға негізделгенін айтты.

Оған сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы кіреді. Ол шығынның 80 пайызын құрайды. Оған БАҚ-қа жариялау мен полиграфиялық материалдар, көлікті жалдау, жұмыс сапарлары, жеке қорғаныш бұйымдары бар. Учаскелік сайлау комиссияларының электоральді уақыты 1 айға созылады. Аумақтың сайлау комиссиялары бұл шығындарды Ұлттық экономика министрлігімен келісті, - деді ол.

Сабила Мұстафина айтқандай, заңға сәйкес мемлекет барлық кандидатқа бірдей қаражат беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ БАҚ-та шығуға әрбір кандидатқа бірдей қаражат бөледі.

Өзгелердің жаңалығы