Бас жаңалықтар
Ауыл әкімдерінің сайлауы: Қостанай облысында 95 адам өз-өзін ұсынған
10 Шілде 2021, 14:14 4470

Ауыл әкімдерінің сайлауы: Қостанай облысында 95 адам өз-өзін ұсынған

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға 160 кандидат өтініш берген. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко айтты. 

Үміткерлерді тіркеу кеше кешкі сағат 18.00-де аяқталды. Ауыл әкімдерін сайлау күні 25 шілде деп белгіленіп отыр.   

Біздің аймақта 65 ауылда сайлау өтеді. Бірқатар ауылда бұрынғы әкімдер бағын сынап көреді. Сайлаушылардың көбі Амангелді ауданында. Ондағы бір округ пен алты елдімекен науқанға қатысады. Қазір кандидаттардың құжаттары дұрыс па, жоқ па соны түгендеп жатырмыз, - дейді Александр Малашко. 

Оның мәлімдеуінше, 24 ауылдық округке әкім болуға үш үміткерден қатысып жатыр. Қалған ауылдарға екі кандидаттан. 

Өтініш берген кандидаттардың 65-і саяси партиялар атынан бақ сынаса, 95 адам өздерін ұсынған. Үміткерлердің көбі ер азаматтар. Саяси науқанда 30 әйел ғана бақ сынағалы отыр. Олардың арасында әр салада жұмыс істегендар, түрлі лауазымды қызметтерді атқарған азаматтар да бар. Кандидаттардың ең жасы 27-де болса, үлкені 60-ты алқымдаған, - дейді сайлау комиссиясының төрағасы.
Тіркелген кандидаттар арасында мемлекеттік қызметкерлер көп (114 адам). Барлығы дерлік жоғары білімді.   


Фото: дереккөз
Загрузка...