Қызылордада аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы ашылды

28 Қазан 2019, 14:32
5117
Бөлісу:
Қызылордада аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ментальдік бұзылыстары бар балаларға арналған аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы өз жұмысын бастады.

Орталықта психикалық ауытқулары бар және психикалық-сөйлеу дамуы тежелген, аутистік спектрі бұзылған балаларға білікті көмек көрсетіледі.

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, өңірде ерекше қажеттіліктері бар балалар саны 2 000-нан астам. "Ерекше" балалардың зейінін, мінез-құлқын, ойлау қабілетін дамыту, қажеттіліктері мен білімнің тең деңгейін алу үшін жағдай жасау мәселелері, оларды әлеуметтендіру өзекті болып қала береді. Розалия Рахимованың "Розалия және Эмир" жеке қорын ашып, осы салада белсенді жұмыс істей бастауына дәл осы жайт түрткі болды.

004.jpg

Розалия Рахимованың мақсатына жетуге Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының "ӘREKET" жобасы көмектесті. Аталмыш жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, "Розалия және Эмир" ЖҚ осы жоба аясындағы грант иегерлерінің бірі атанды. Грант қаражатына орталыққа қажетті барлық жабдық, сондай-ақ дидактикалық материал сатып алынды.

"Мен "ерекше" баланың анасымын, біз менің балама көмектесе алатын білікті орталық іздеп бүкіл елді араладық. Сапалы қызмет көрсететін орталықты табу, әсіресе өңірлерде өте қиын және бұл ментальдік және сөйлеу бұзылыстары бар балалардың ата-аналарының көпшілігі тап болатын нағыз проблема. Сондықтан, аутизм мен сөйлеуді түзету орталығын құру идеясы пайда болды", - дейді Розалия Рахимова.

006.jpg

Орталықта дипломы бар мамандар жұмыс істейді: логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДТ-мамандар, АВА-терапевттер. Орталықтың педагогикалық қызметкерлері күнделікті өмірге дайындау үшін балалармен түзету, дамыту, оқыту жұмыстарын жүргізеді. Сабақтар қажетті дидактикалық, педагогикалық және спорттық құрал-жабдықтары бар бірнеше оқу кабинеттерінде өтеді.

007.jpg

"ӘREKET" жобасының арқасында өңірлерде қоғамға пайда әкелетін орталықтар ашылатыны қуантады.  Қызылорда қаласындағы аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы - бұл жергілікті атқарушы органдардың жүктемесін  ішінара өз мойнына алып, сондай-ақ қаржылық тұрақтылығын қаматамасыз ете отырып, әлеуметтік бизнес әлеуметтік проблеманы қалай шеше алатынының жақсы мысалы", - деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust қорының өкілі Жанар Жақсылықова.

009.jpg

Жобаны жүзеге асырудың 9 айында орталық ерекше қажеттіліктері бар 160-тан астам баланы қамтиды деп жоспарлануда. Орталық өз қызметтерін нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынады және әрбір мұқтаж балаға жеке тәсілдемемен білікті көмек көрсетеді.

010.jpg

Өзгелердің жаңалығы