Аустралияда 6 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

28 Қазан 2021, 19:12
18240
Бөлісу:
Аустралияда 6 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустралияның оңтүстігінде бұршақ жауды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Соның салдарынан көшелерді су басты. 8 мектеп шұғыл жабылды. 6 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Төгіп өткен бұршақтан дүрліккен жұрт тіпті жергілікті жедел әрекет ету орталығына хабарласып, көмек сұрай бастаған. 

Айта кетейік, Аустралия үшін табиғаттың дәл осылай тосын мінез танытуы сирек кездесетін құбылыс.


Өзгелердің жаңалығы