Аustralian Оpen-2021: Зарияна Дияс келесі кезеңге өте алмады

12 Ақпан 2021, 10:36
1528
Бөлісу:
Аustralian Оpen-2021: Зарияна Дияс келесі кезеңге өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінде қазақстандық Зарияна Дияс келесі кезеңге өте алмады. 

Ол үшінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын деп жазады Olympic.kz. 

Небары 57 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы атақты қарсыласына 1:6, 1:6 есебімен жол берген.

WTA рейтингінді Мугуруса 14-ші, Дияс 83-ші орында тұр.  Осылайша, Зарина «Үлкен Дулыға» санатындағы турнирді үшінші айналымда аяқтады.  

Сондай-ақ, жұптық сында литвалық Ричард Беранкиспен бірлесіп өнер көрсеткен Михаил Кукушкин Джеймс Дакворт/Марк Полман жұбынан ұтылды. Қорытынды есеп: 2-0. 

 


Өзгелердің жаңалығы