Ауруханаға жатқызу тәртібін Ситуациялық орталық реттейді

8 Шілде 2020, 13:36
1826
Бөлісу:
Ауруханаға жатқызу тәртібін Ситуациялық орталық реттейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауруханаға жатқызу тәртібін Ситуациялық орталық реттейді. Бұл туралы №5 Нұр-Сұлтан қалалық емханасының бас дәрігері Алтыншаш Табулдина ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.

Қазір коронавирус індетіне қатысты барлық стационар жұмыс істеп жатыр. Адамдар орын жоқ ауруханаға бармас үшін қазір Ситуациялық орталық жұмыс істейді. Ол орталыққа тек медициналық ұйымдар ғана кіреді. Науқастың көрсеткіштерін Ситуациялық орталыққа жібереміз. Себебі, науқастадың сипаттамасы мен көрсеткіштері әртүрлі болады. Сәйкесінше, стационарлар да әртүрлі деңгейде болады, - деді ол. 

Табулдина айтып өткендей, Ситуациялық орталық ауруханаға жатқызу тәртібін реттейді. 

Біз науқастар туралы ақпаратты жіберген соң, Ситуациялық орталық науқасты  қай ауруханаға жатқызу керегін жедел түрде анықтайды. Біз кейін жедел жәрдемді шақырамыз, осылайша, жоспарлы ауруханаға жатқызу жүзеге асырылады. Түнгі уақытта бұл мәселемен жедел жәрдем қызметі айналысады. Ал күндізгі уақытта ауруханаға жатқызу тәртібі Ситуациялық орталық арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы