Бас жаңалықтар
Ауруханаларда орын жоқтығы туралы ақпаратқа ДСМ пікір білдірді
25 Қараша 2020, 05:01 111

Ауруханаларда орын жоқтығы туралы ақпаратқа ДСМ пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде COVID-19 ауруының етек жайғанын дәлелдеу үшін жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған суреттерді жариялауда. Олардың ішінде "Қазақстанның ауруханалары толы науқастар, емдейтін ешкім жоқ" деген пікір мен коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 600 дәрігер туралы ақпарат та бар. Бұл хабарламалар – фейк.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде еліміздегі инфекциялық ауруханалар 22% жұмыс істеп тұр. 15 151 төсек-орынның 3 289-ына науқастар жатқызылды. Жансақтау бөлімінің 17% (1523-тен 256 төсек) қамтылған. Карантиндік стационарларда 428 науқас жатыр, оның ішінде 6886 төсек-орын бар. Мұндағы жүктеме 6,2% құрайды, - делінген stopfake.kz-те.


СOVID-19 инфекциясынан көз жұмған 600 дәрігер туралы ақпарат та расталған жоқ. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша індеттен қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына төленген 182 төлем тіркелген.

Демек, Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуі және дәрігерлер жетіспеушілігі туралы пікірлер – фейк.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...