Ауру жеңіл түрде өту үшін темекі шекпеу керек – Малтабарова

6 Шілде 2020, 12:16
2160
Бөлісу:
Ауру жеңіл түрде өту үшін темекі шекпеу керек – Малтабарова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Астана медициналық университеті" ҚЕАҚ қызметкері Нұрила Малтабарова "КВИ бойынша ағымдағы жағдай" талқыланған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Қауіпті аймаққа темекі мен электронды темекіні пайдаланатындар кіреді. Бұл никотиннің өкпедегі ауа алмасу процесіне тигізетін әсерімен байланысты. Себебі, көмірқышқыл өкпеден шығып, оттегі кіреді. Осы арқылы біз өкпені вентиляциялаймыз. Ал адам ұзақ темекі шексе, оттегіге деген сұраныс ұлғаяды. Аурудың алдын алу, жұқтырған күнде де ауру жеңіл өту үшін темекі шекпеу керек. Тағы да айтамын, бұл оттегіні көп мөлшерде қолданудың тапшылығын тудырады, - деді ол. 

Малтабарова коронавирус кезінде оттегі тапшылығы туындайтынын айтты.

Сондықтан темекіні қою керек. Оның ішінде электрондық темекі де бар, - деді ол. 

Осыған дейін маман тыныс алу жаттығуларын жасаудың қаншалықты қажет екені туралы айтқан.


Өзгелердің жаңалығы