Бұл аурудың табиғатын түсінбей жатырмыз - Ерлан Сайыров

2 Шілде 2020, 12:33
2360
Бөлісу:
Бұл аурудың табиғатын түсінбей жатырмыз - Ерлан Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров біраз күннен бері ауырып жатқанын айтты. Ол карантинді күшейтіп, сабыр сақтау керек деп отыр.

Он күннен асты ауырып жатқаныма.  Бұл ауырудың ауқымы ауыр. Менің ойымша, адамның санасын улап, күресуге деген демін сұлатуға тырысатын тәрізді. Ал енді температура көтеріліп, сана уланып қалғанда, етіңді іріп жатса да, адам сүлейсоқ болады екен. Дәрігерлер күні-түні жүріп, дәрі-уколын беріп, ұрсып жүріп сананы оятып, алып шықты. Қазір өз жағдайым қалыпты, - дейді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, жалпы жағдай күрделі және әлі де күрделене түсуі ықтимал. 

Бұл аурудың табиғатын түсінбей жатырмыз. Қоғам қатыгездене түссе, жақсыға сенбесе, бұл қызылкөзің өршелене түседі. Мен де бес күнде көрмегенді көрдім, неше түрлі ауыр елес болды. Сабырлы болған дұрыс. Бір-бірімізді сыйлап, мейірімділікке баулыған дұрыс. Бұл зұлматты әрқайсымыз жеке жеңе аламыз. Ол жеңістің аты сабыр, өзіңді өзің күту, басқаның денсаулығына зиян жасамау, - дейді саясаттанушы.

Ол осы ретте ақ халатты абзал жандарға өз алғысын білдірді. 

Дәрігерлерге, әсіресе, кіші медперсоналға рахмет! Мейірбике, санитар  жігіттер нағыз батыр. Күні-түні ұйқы жоқ, жүгіріп жүргені. Барша достарыма рахмет! Өтініш, пиғылды түзейік. Вакцинадан басқа кілтипан да бар. Кілт сол жақта болуы мүмкін... Карантин қажет.... Ұжымдық жауапкершілік және иммунитетті нығайту маңызды. Барша достарыма амандықта болайық деп тілеймін! - дейді Ерлан Сайыров.

Өзгелердің жаңалығы