Ауру емес, әдет "жұқпалы" болуы керек – Цой

28 Шілде 2020, 09:50
1934
Бөлісу:
Ауру емес, әдет "жұқпалы" болуы керек – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысында маскалық режим мен гигиена ережелерін әрі қарай сақтауды қамтамасыз ету керегін айтты.

Бүгінде бүкіл қазақстандық қоғам коронавирустың емес, қауіпсіздік пен саламатты әдеттердің "жұқпалы" болуы үшін барлық шараны қабылдауы қажет. Ол үшін ең алдымен маскалық режим мен гигиена ережелерін әрі қарай сақтауды қамтамасыз ету қажет. Үйден тыс жерлерде міндетті түрде маска тағу – инфекцияның таралуын 30%-ға қысқартады. Сонымен бірге, инфекцияның таралуында қол гигиенасы ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты, ең алдымен мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдарын тартып, қауіпсіздік белдіктерін міндетті қолдану мысалында маска режимін сақтау үшін де бизнесті бақылау мен жауапкершілікті күшейту қажет, - деді министр. 
Ол сонымен қатар, барлық қоғамдық орындарда қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз ету керек екенін айтты. 
Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық қағидаты сақталуы тиіс, яғни, кеңселердің қашықтан жұмыс істеуі (20/80 қатынасында) және оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту, маскалық режимді мен әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болмағандықтан, бұқаралық іс-шаралардың барлық түріне тыйым салу. Бизнестің жауапкершілігін арттыру – бақылауды күшейтіп, нысандарды бөліктерге бөлу және адамдардың толып кетпеуін қадағалау керек. Бұл шаралар барлық ақпараттық арналар бойынша насихатталуы қажет, - деді Алексей Цой.

Өзгелердің жаңалығы