Алматы мен Нұр-Сұлтанда аумақтарды дамыту және оларға құрылыс салу қалай реттеледі?

23 Сәуір 2021, 18:10
3405
Бөлісу:
Алматы мен Нұр-Сұлтанда аумақтарды дамыту және оларға құрылыс салу қалай реттеледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аумақтарды дамыту және оларға түрлі нысан салу бекітілген Бас жоспар мен жоспарлау жобалары негізінде жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғалар осы жобаларды әзірлеу аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатыса алады.

Сондай-ақ әкімдіктер елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру арқылы тоқсан сайын орналастыруға міндетті.

Осы ретте айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласының Бас жоспарына соңғы түзету «2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 ҚРҮҚ- ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 848 рұқсатымен бекітілді.

Бас жоспардың жобалық шешімдеріне сәйкес 2030 жылға қарай халық саны – 1,020 млн адам, қала аумағының жалпы ауданы - 79,7 мың га, саябақтар, скверлер, бульварлар аумағы-3,0 мың га.

Ал Алматы қаласының бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген, бас жоспардың жобалық шешімдеріне сәйкес қала аумағының жалпы ауданы – 31,9 мың га, саябақтар, скверлер, бульварлар аумағы – 0,5 мың га.

Саябақ аймақтарын ұлғайта отырып, қаланың орталық бөліктерінде тығыз құрылыс салуға тыйым салу бойынша бірқатар шара атқарылды.

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2019 жылғы 29 қазандағы № 19-01-7.38 кеңесте берілген Қазақстан Республикасы Президентінің Алматы қаласының орталық бөліктерінде тығыз құрылыс салуға тыйым салуды енгізу және шаралар қабылдау жөніндегі хаттамасын орындау шеңберінде қала әкімдігі Алматы қаласының тарихи орталығының шекарасын айқындау жөніндегі іс-шараларға бастамашылық жасады.

Осы тапсырманы іске асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі «қазіргі жағдайды және сәулет мұрасын сақтаудағы прогрессивті әлемдік үрдістерді ескере отырып, Алматы қаласының сәулет-Тарихи кешендерінің бірыңғай жүйесін құруды» жоспарлап отыр.

Қаланың тарихи орталығының шекаралары Алматы қаласы Бас жоспарының жобалық шешімдеріне сәйкес белгіленген және қаланың магистральдық көшелерімен шектеледі.

Оңтүстік жағынан Абай даңғылымен, шығыс жағынан Қармысов көшесімен және Қайырбеков көшесімен Гоголь көшесіне дейін, Гоголь көшесімен Бузурбаев көшесіне дейін, одан әрі Мақатаев көшесімен Панфилов көшесіне дейін, Панфилов көшесімен Райымбек даңғылына дейін, Райымбек даңғылымен батыс бағытта Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылымен Жібек жолы көшесіне дейін, Жібек жолы көшесімен Масанчи көшесіне дейін, одан әрі Досмұхамедов көшесімен және Байтұрсынов көшесімен Жамбыл көшесіне дейін, Жамбыл көшесі шығыс бағытта Мұқанов көшесіне дейін, Желтоқсан көшесімен Абай даңғылына дейін.

Тарихи орталық шегінде тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын ескере отырып, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жекеменшіктегі 36 жер учаскесі анықталды. Бүгінгі таңда әкімдік Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, тарихи ғимараттарға талдау жүргізуде.

Сондай-ақ жанжалды жағдайларды азайту және қабылданатын шешімдер бойынша ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді. Алматы қаласын дамыту мен салудың Бас жоспарының жаңа жобасының жобалық шешімдерінің қоғамдық талқылаулары өткізіледі.


Саябақ аймақтарын ұлғайту қалай жүзеге асырылады?

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша саябақ аймақтарын ұлғайта отырып, қаланың орталық бөліктерінде тығыз құрылыс салуға тыйым салуға қатысты бірқатар жұмыс атқарылып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс салу тығыздығы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бұйрығымен қолданысқа енгізілген «Астана қаласын жоспарлау және салу» ҚР ҚНжЕ-не сай реттеледі.

Жобалық шешімдер осы аудандардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды ескере отырып қабылданады. Өйткені құрылыс тығыздығының өсуі шығынсыздықты және құрылысқа салынған қаражаттың инвесторлар үшін қолайлы өтелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің дұрыстығы «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» кеңесте осы мәселені талқылау кезінде Мемлекет басшысының растауы мен қолдауына ие болды.

Саябақ аймақтарының ұлғаюына қатысты Алматы қаласы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қала бойынша аумағы 541,5 га болатын 183 саябақ аумағы бар. 2020 жылы 284 га жер абаттандырылды, 1 саябақ, 5 сквер салынды, осыған байланысты аумақтың теңгерімі жақсарып, қамтамасыз етілуі артып келеді. 2 саябаққа, 7 гүлзарға күрделі жөндеу және 13 гүлзарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. 10 жаяу жүргінші көшесі жайластырылып, 14 жаңа жасыл аймақ құрылды.

2021 жылы 2 саябақ, 7 сквер салу, 5 скверді күрделі жөндеу, 17 скверді ағымдағы жөндеу жоспарланған. Осы жылы 9 жасыл аймақ пен 2 жағалауды салу және жөндеу бойынша 12 нысан жобалау сатысында. Сонымен қатар аудандар бөлінісінде саябақ аумақтары алаңдарының тапшылығы сақталуда.

Кез келген қаланы жобалау кезінде қаланың көлеміне және климаттық жағдайларына байланысты сараланатын көгалдандыру нормалары қолданылады. 500 мыңнан астам халқы бар қалалар ірі қалалардың қатарына жатады.

Тұрғын және қоғамдық алаңдарда орналасқан жалпыға ортақ пайдаланылатын көгалды аумақтардың ауданы (саябақтар, бақтар, шағын гүлбақтар, желекжолдар және т.б.) мынадай есепке сүйене отырып алынуы керек (* ҚР ҚНжЕ 3.01-01 2007 ж.):

- жалпықалалық саябақтар -10 ш.м/адам;

- тұрғын аудандардағы саябақтар - 6 ш.м/адам;

 желекжолдар, шағын гүлбақтар, плаздар, жабық қысқы бақтар - 2,5 ш.м/адам;

- балалар саябағын 0,5 ш.м/адам есебіне сүйене отырып алу керек. 

Демек, жалпықалалық көгалдық екпелердің саны мынадай болады: 

-19,0 ш.м/адам.

Нұр-Сұлтан қаласындағы рекреациялық аймақтар санының жалпы есебіне келер болсақ, бекітілген бас жоспарға сәйкес бүгінде жалпыға ортақ екпелер (саябақтар, шағын гүлбақтар, желекжолдар) бастапқы жылы 660,0 га болса, 2020 жылы 1 883 га-ға жеткен. 

2030 жылы 3050 га-ға жеткізу жоспары бар. 

Сол сияқты табиғи-ормандық аумақтар («Жасыл сына») бастапқы жылы 14 825 га болса, 2020 жылы 24775 га-ға жеткен (2030 жылы 31435 га-ға жеткізу көзделген), ал, су тоғандары мен акваториялар көлемі бастапқы жылдары 3 865 га болса, 2020 жылы 3 340 га болған.

Жаңа саябақ аумақтарын дамыту бойынша есеп төмендегідей:

- Талдыкөл көлі ауданындағы сулы-батпақты алқаптар саябағы – 1 840 га;

- Қабанбай батыр даңғылы бойында салынып жатқан Бас мешіт ауданындағы саябақ – 100 га;

- Гольф-клуб ауданындағы саябақ – 200 га;

- Майбалық көлі ауданындағы саябақ - 230 га.

Өзгелердің жаңалығы