Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады

26 Қараша 2021, 15:25
1576
Бөлісу:
Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады
PHOTO VIDEO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадан 15 тәжірибелі желаяқ Орал қаласын бетке алып жолға шықты. Осылайша, олар 8 күн бойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған марафонда 2021 шақырымды жүгіріп өтеді.

Марафон қатысушыларын ұзақ жолға елорда жұртшылығы Мемлекеттік рәміздер алаңында бата беріп, шығарып салды. Желаяқтардың бағыты: Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал қаласы.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Марафон Президенті Әкімшілігі, Nur Otan партиясы, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер, Мәдениет және спорт министрліктері, елорда және облыс әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдырылды. Ал Stroiklass құрылыс компаниясы бас демеуші болған.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Осынау ауқымды іс-шара еліміздің тарихын еске алып, туған жерді қорғаған батырларды үлгі етуді мақсат тұтып отыр. Марафон жастарға ұрпақтар сабақтастығын түсіндіріп, руханият пен жауапкершілікке тәрбиелейді деп сенеді.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ата-бабамыз осындай кең байтақ жерді кешегі бабаларымыз күші мен рухы биік болғандықтан, мықты мінезбен қорғап қалған. Суыққа қарамастан олар елі, жері үшін күресті. 61 жастағы азамат та бар. Олар асфальтпен емес, ауыл-ауылды аралатып, Адамдар көлікпен жете алмайтын жерге олар жаяу жүгіріп барады. Ақ жол! - деді Парламент Мәжілісі Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ұзақ жолға жиналған марафоншыларды боксшы Серік Сәпиев те шығарып салды.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Осы шараны өткізу идеясын алға тартқан Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиевке алғысымды білдіргім келеді. Спортшы ретінде отандастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанғаны қуантады. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуды тапсырғаны белгілі. Осындай шаралардың арқасында бұқаралық спорт алға жылжып, дамиды. Бұқаралық спорт дамыса ғана, елімізден чемпиондар көптеп шығады. Өзім де үнемі спортпен шұғылданып, жаттығамын. Марафонға қатыспасам да, қолдауға келдім, - деп атап өтті боксшы.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Бір айта кетерлігі, желаяқтардың ең жасы – 18-де болса, ең үлкені – 61-де. «Дайындығымыз сақадай сай» деген марафоншылар 2 мың шақырымды да еңсеретіндеріне сенімді.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ата-бабамыздан қалған жердің көлемі үлкен деп мақтанышпен айтамыз. Ол оңайлықпен келген жоқ. Қанша қан мен тер төгілді. Әдемі жерлер мен қалаларымызды аралап, насихаттағымыз келеді. Дайындығымыз сақадай сай. Халықаралық марафондарда жүгіріп келеміз. Оралға дейін бәріміз жүгіріп жететінімізге сенімдіміз. Марафонға жыл бойы үзбей дайындаламыз. Өзім 6 жылдан бері жүгірумен айналысамын. Жасым 52-де. 2018 жылы 6 сағатта 71 шақырымды жүгіріп, 1-орынды алғанмын. Алматы, Түркістан қалаларындағы марафондарға қатысқан. Күніне 1 адамға 35-40 шақырымнан келеді. Қаланың ішіне кіргенде, шыққанда тоқтаусыз әр 5 шақырым сайын ауысып отырамыз, - деп ағынан жарылды запастағы полковник Жақсыбай Есжанов.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ал 40 жылдан бері жүгірумен айналысатын Талапнұр Байзақ спортты жанына ажырамас серік етіпті.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Спортшы емеспін, бірақ 40 жылдан бері спортпен айналысамын. Күнде таңғы 6-дан 7.30-ға дейін жүгіремін күн сайын. Өзім Ауыл шаруашылық министрлігінде жұмыс істеймін. Бұған дейін 1270 шақырымдық Астана-Алматы марафонына қатысқанмын. Елімізде өтетін барлық марафонға қатысамын, - дейді ол.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Марафоншыларға егемендіктің нышаны – «Алтын Тәуелсіздік» байрағын тапсырылды. Ал ертең, 27 қараша күні ең бірінші Көкшетау қаласына тоқтайды деп күтілуде.

Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады


Ауқымды марафон: 15 желаяқ Нұр-Сұлтаннан-Оралға дейін жүгіріп барады



Өзгелердің жаңалығы