Қауіпсіздік шараларын әркім өзінен бастағаны маңызды – Әбдіманап Бектұрғанов

10 Шілде 2020, 09:27
1194
Бөлісу:
Қауіпсіздік шараларын әркім өзінен бастағаны маңызды – Әбдіманап Бектұрғанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Әбдіманап Бектұрғанов айтты.

Бүгінде еліміз, жалпы бүкіл дүние жүзі ауыр кезеңдерді өткеріп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, төтенше келген індет салдары әрбір отбасын айналып өтпей отырғаны да анық. Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған телевизиялық үндеуінде COVID-19 вирусына қарсы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті. Бұл кезеңде
жалпы халық үшін "жауапкершілік" деген ұғымды тереңінен түсініп, ұстану қажеттілігіне баса назар аударды, - деді ол.

Сондай-ақ депутат жалған ақпаратқа сенбей, қауіпсіздік шараларын әрбір азамат өзінен бастағаны абзал дейді.

Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз небір нәубет жылдарын бастан кешірді. Сонда да мойымай, бүкіл ел, халық болып, барлық сыннан сүрінбей өтіп келеді. Бұл індеттен де арыларымыз анық, осы орайда халықтың жалған ақпараттарға сенбей, қауіпсіздік шараларын әр қоғам мүшесі «өзінен» бастағаны маңызды. Мемлекет басшысының 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялауы – бүгінгі күні әр салада өзіндік үлес қосып жүрген белгілі қоғам қайраткерлері, жалпы жақынынан айырылған әр отбасының қамкөңілін жұбату деп түсінеміз. Береке-бірлігіміз жарасқан халқымыздың амандығы үшін әрқайсысымыз зор жауапкершілік танытып, бірлесе күресейік, ағайын, - дейді депутат. 

Өзгелердің жаңалығы