Ауғанстан ауқымды гуманитарлық апатқа ұшырауы мүмкін – Елбасы

17 Қараша 2021, 15:56
656
Бөлісу:
Ауғанстан ауқымды гуманитарлық апатқа ұшырауы мүмкін – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Соңғы жылдары әлемде жағдай күрт нашарлап кетті. Коронавирус пандемиясы негізгі мәселе болып қалып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде ауруды жұқтырғандар саны қазірдің өзінде 250 миллион адамнан асты, 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Бұл бейбіт уақыт үшін қорқынышты статистика. Әлемдік қауымдастық әлі де вирустың таралуын тежей алған жоқ, – деді Елбасы.

Ол атағандай, ірі әлемдік державалар арасындағы текетірестің күшеюі алаңдатып отыр.

Америка Құрама Штаттары мен Қытай өздерінің әскери қатысуын күшейтіп жатқан Тайвань төңірегіндегі жағдай ерекше алаңдаушылық туғызады. Ресей мен Еуропа елдері арасындағы геосаяси шиеленіс те сейілген жоқ. Украина төңірегіндегі қақтығыстар өткір күйінде қалып отыр.Ауғанстан төңірегіндегі жағдай алаңдатарлық күйінде қалып отыр. Талибандардың жылдам жеңісі және америкалықтардың шығуы бұл елдегі жағдайды күрт нашарлатты. Жақын болашақта Ауғанстан ауқымды гуманитарлық апатқа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметі бойынша, 23 миллион адам немесе Ауғанстан халқының жартысынан көбі азық-түлікпен қамтамасыз етілмейді. Бұл босқындардың кезекті толқынын тудыруы мүмкін. Тек 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың саны 400 мыңнан асты, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Өзгелердің жаңалығы