Бас жаңалықтар
Ауғанстанның солтүстігінде 17 содырдың көзі жойылды
18 Ақпан 2019, 20:12 332

Ауғанстанның солтүстігінде 17 содырдың көзі жойылды

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстан үкімет күштері Қайсар ауданында жасырынып жатқан «Талибан» қозғалысына соққы жасады, нәтижесінде 17 содырының көзі жойылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Үкіметтік күштер бүгін таңертең Қайсар ауданында жасырынып жатқан талибтерді әуеден атқылып, шабуыл жасаған. Атыс кезінде 17 содыр мерт болған, оның ішінде командирлері Маулави Есмат та бар.

Сонымен қатар, атыс кезінде қауіпсіздік күштерінің үш қызметкері қаза тауып, төртеуі жарақат алған.

«Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Сізден жаңалық