Бас жаңалықтар
Назарбаев әуежайында кешіккен ұшақтардың ұшатын нақты уақыты белгілі болды
03 Қаңтар 2019, 15:24 1265

Назарбаев әуежайында кешіккен ұшақтардың ұшатын нақты уақыты белгілі болды

Астана, baq.kz. Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайындағы ұшақтардың уақытында ұшпауының себебін түсіндірді, Бұл туралы комитеттің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.


2019 жылдың 3 қаңтары, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Астана әуежайында 9 рейс кешікті. Олар:
- 2019 жылғы 3 қаңтарда сағат 07:20-да Өскеменге жоспарланған DV 785 ұшағы әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 3 қаңтар, сағат 14:00-ге шегерілген;
- 3 қаңтарда сағат 07:15-те Ақтауға ұшуы тиіс КС 313 рейсі техникалық себептерге байланысты 3 қаңтар сағат 18:30-ға ауыстырылды;
- Алматыға ұшуы тиіс DV 704 рейсі ұшақтың келуіне байланысты кешігіп жатыр;
- 3 қаңтар сағат 11:55-ке жоспарланған Қостанайдағы IQ 367 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 3 қаңтар сағат 14:50-ге ауыстырылды;
- 3 қаңтарда сағат 12:35-те Таразға ұшуы тиіс DV 755 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 3 қаңтар сағат 15:50-ге ауыстырылды;
- 3 қаңтар сағат 12: 40-та Алматыға жоспарланған DV 714 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 3 қаңтар сағат 15:20-ға шегерілді;
- 3 қаңтарда сағат 15:10-да Талдықорғанға ұшуы тиіс DV 795 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 3 қаңтар сағат 16:10-ға ауыстырылды;
- 3 қаңтарда сағат 17:50-де Ақтөбе қаласына аттанады деп жоспарланған DV 721 рейсі 3 қаңтар сағат 19:30-ға ауыстырылды;
- 3 қаңтар сағат 17: 55-те Ақтөбе қаласына ұшуы тиіс IQ 385 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 3 қаңтар сағат 10:05-ке ауыстырылды.

Сонымен бірге, 3 қаңтар «LOT Polish Airlines» әуе компаниясының LOT 195 рейсі Астана әуежайына елорда уақыты бойынша сағат 09:37-де ұшып келді (рейс 57 минутқа кешіккен).

Мұнан бөлек, Вильнюс - Астана бағыты бойынша SCAT авиакомпаниясының 808 рейсі әуе кемесінің кеш ұшып келуіне байланысты Вильнюстен сағат 12:30-да ұшып шығатын болды. Ал Астанаға ол ұшақтың келу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 20:40 деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Тараз қалаларынан Астанаға аттанатын ұшақтар әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты уақтылы ұшып келе алмай отыр.

Сонымен қатар, «Эйр Астана» әуе компаниясының Омбы - Астана бағыты бойынша рейсі кешіктірілген. Ведомствода атап өткендей, болжам бойынша елдегі күрделі ауа райы жағдайы әлі де сақталады. Осыған байланысты, жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттары және байланыс орталығы арқылы рейстердің жай-күйін алдын-ала біліп алу ескертілді.

«Эйр Астана» әуе компаниясының қоңырау шалу орталықтары: Алматы қ.: +7 7272 444477, Астана қ.: +7 7172 584477, ұялы тел.: +7 702 702 4477. «SCAT» әуекомпаниясының Call-орталығы +7 7252 998880.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласында 17 рейстің кешіктірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Загрузка...

Сізден жаңалық