Аудиторлық қызмет жартылай мемлекеттің қызметін атқарып отыр – депутат

27 Ақпан 2020, 12:38
1835
Бөлісу:
Аудиторлық қызмет жартылай мемлекеттің қызметін атқарып отыр – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. 

Заң жобасы аудиторлық қызметті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды және бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында бір топ ҚР Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Осы заң жобасының тұжырымдамасы 2019 жылғы 15 қарашада заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 498-отырысында ашық дауыс берумен мақұлданды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 16 қаңтардағы отырысында тәуелсіз аудиторлық қызметті реттеу жөніндегі орган құрылуына байланысты депутаттардың түзетулері бойынша талдау қорытындылары қолдау тапты. Заң жобасы аясында депутаттар қолданыстағы 5 заңға 47 түзетуге бастамашылық жасады, - дейді Омархан Өксікбаев.

Оның айтуынша, осы заң жобасында аудиторлық қызметті реттеу жөніндегі тәуелсіз орган яғни Кәсіби кеңестің жұмысын ұйымдастыру қарастырылған. 

Жалпы алғанда заң жобасын қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджеттен шығындарды талап етпейді. Теріс әлеуметтік және құқықтық салаларға әкеліп соқпайды. Бұл заң жобасының маңыздылығы нарықтық экономикада өздеріңіз білесіздер, әрбір субъект өзіне пайда табу үшін қызмет етеді. Өзінің мүддесін қорғайды. Сол нарықтық экономикада бір ғана институт бар – аудиторлық қызмет. Ол өзінің пайдасын тауып, мүддесін қорғай отырып, бірақ жартылай мемлекеттің қызметін атқарады. Салықтың дұрыс төленуіне ықпалын жасайды, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне ықпал жасайды. Осы қызметі арқылы қаржылық тәртіпті орнатуға өзіндік үлесін қосады, - дейді депутат.

Өзгелердің жаңалығы