ШҚО-да ауданаралық автобустар жүре бастады

20 Мамыр 2020, 23:48
1456
Бөлісу:
ШҚО-да ауданаралық автобустар жүре бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнен Семейден басқа кез-келген елді мекенге қала, ауданаралық қоғамдық көлікпен баруға болады. Бұл туралы жергілікті altaynews.kz сайты хабарлады.

"Өскемен автовокзал" ЖШС директоры Алмаз Бейсенғазиннің айтуынша, облыс аймақтарына автобустық рейстер сенбі, 23 мамырдан бастап қайта жанданады. Ал билеттер қазірдің өзінде автовокзал сайтында онлайн режимде сатылып жатыр.

Ішкі рейстерді қалпына келтіре алатынымыз туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ресми хат жолдады, - деді Алмаз Бейсенғазин.
Өзгелердің жаңалығы