Аудандық сотта Президент Жолдауы талқыланды

16 Қазан 2019, 20:54
3421
Бөлісу:
Аудандық сотта Президент Жолдауы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Ерден Боранбаев, прокурордың көмекшісі Арман Қасымов, адвокат Әсемгүл Баталова, Қазыбек би ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Е. Боранбаев 2019 жылы 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанын айтып өтті. Жолдауда педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және басқа да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жазаны күшейту туралы тапсырмалар берілді.

Сот төрағасының м.а. сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету қажеттігін, заң үстемдігінің маңыздылығын, ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жазалауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Іс-шара қорытындысында кездесуге қатысушылар ел Президентінің алға қойған міндеттерін одан әрі іске асыру жөнінде пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы