Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты

1 Шілде 2020, 20:22
4336
Бөлісу:
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуаныш Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ол 1962 жылы дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын және Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік институтын тау-кен инженері-электрик, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қырғызстан Республикасы Ыстықкөл кеңшары техникумының жұмысшысы болып бастаған. 

Әр жылдары Алматы қаласында;

"Казлифт" жөндеу, монтаждау және техникалық қызмет көрсету республикалық өндірістік трестінің 1 разрядты электр механигі, учаске шебері, 

"Электросеть" шағын өндірістік кәсіпорны директорының орынбасары, 

"Казжилкомонторг" коммерциялық фирмасының тауартанушысы, құрылыс тобының жетекшісі,

"Шаруа" АҚ-ның бас маманы, 

Алматы қалалық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бас маманы, 

"Алматыгеокад" ЖШС-ның Бостандық аудандық жер құқықтарын рәсімдеу жөніндегі бөлімінің бас маманы, 

"Алматыгеокад" ЖШС-ның Әуезов аудандық жерге орналастыру бөлімінің бастығы, 

"Алматыжеркадастр" КМК-ның Әуезов аудандық жердің құқықтық құжаттарын даярлау бөлімінің бастығы, шығыс аумағы өндірістік бөлімінің бас маманы, 

Алматы қалалық жер ресурстарын басқару комитетінің жетекші маманы, 

Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі басқарманың бөлім бастығы, 

"Алматы қалалық ЖерҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері, директордың орынбасары, бірінші орынбасары, директоры, 

Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының бастығы, 

Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, 

Алматы қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы, 

Алматы облысының жер қатынастары басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген.

2018 жылдың тамызынан - Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақ зейнетке шығуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы