Алдағы күндері -42 градусқа дейін аяз болады

30 Қаңтар 2019, 16:24
3780
Бөлісу:
Алдағы күндері -42 градусқа дейін аяз болады

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің бірнеше облыстарында күшті жел мен қатты аяз болады деп ескертеді.

01-02 ақпанда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35-40 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

02 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

31 қаңтарда Ақмола облысынның кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында таңертең және күндіз 31 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы