Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

18 Қаңтар 2019, 08:35
2024
Бөлісу:
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылдың 18 қаңтарында Қарағанды қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Астана және Теміртау қалаларында күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы