Бас жаңалықтар
22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
22 Қаңтар 2019, 08:15 571

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болуы мүмкін, жел 15-25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде  тұман түседі.

Түркістан облысында, күндіз Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Павлодар облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Загрузка...

Сізден жаңалық