Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

20 Қаңтар 2019, 09:22
2157
Бөлісу:
Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Кей жерде республика бойынша тұман сақталады, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Алакөл ауданында жел жылдамдығы 20-25 мм/с, екпіні 30 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, кей жерінде 23-25 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы