Алдағы күндері ауа температурасы 2…5 градусқа дейін төмендейді

5 Маусым 2019, 16:39
2618
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа температурасы 2…5 градусқа дейін төмендейді

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстанға тропосфералық ағындармен Баренц теңізі аймағынан дымқыл және салқын ауа түсуін жалғастырады. Сондықтан Қазақстанның көптеген облысында найзағаймен өткінші жаңбыр және ұйтқымалы жел сақталады. Республикамыздың солтүстік жартысында жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы төмендеп, 2…5°С градусқа орташа мөлшерден төмен күтіледі. Ал батыс облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым таралып, сондықтан ол жақта жауын-шашынсыз, температура климаттық нормаға жақын болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, синоптиктер 6 маусымда Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтілетінін хабарлады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

6-7 маусымда Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр жауу болжамына байланысты кей жерде қатты, бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы