Түркістанда ауа температурасы 43 градусқа дейін жоғарылайды

9 Шілде 2019, 17:27
2147
Бөлісу:
Түркістанда ауа температурасы 43 градусқа дейін жоғарылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады.

"10-12 шілдеде күндіз Түркістан облыстың басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде кей жерлерде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 10-12 шілдеде күндіз 40⁰С қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде таңертең және күндіз шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 10-12 шілдеде күндіз 41-43⁰С қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Сондай-ақ, 10 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 42°С қатты ыстық күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

"10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 

Орал қаласында 10 шілдеде найзағай күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.    

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бұған дейін еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін күн ыситынын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, синоптиктер ШҚО-да дауылды ескерту жариялады.

Өзгелердің жаңалығы