Бас жаңалықтар
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
29 Қаңтар 2019, 08:35 500

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 29 қаңтарда Астана және Өскемен қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, ал Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында сақталады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сізден жаңалық