Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

25 Қаңтар 2019, 08:46
2329
Бөлісу:
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні елімізде ауа сапасы қандай болатынын хабарлады.

"2019 жылғы 25 қаңтарда Астана, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы