Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

2 Ақпан 2019, 10:26
2490
Бөлісу:
Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Фото: BAQ.KZ

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жексенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 2 ақпанда Астана, Ақтөбе, Шымкент, Балқаш, Теміртау және Қарағанды қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы