Бүгін Астана мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

13 Наурыз 2019, 08:35
1850
Бөлісу:
Бүгін Астана мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 13 наурызда Астана, Балқаш, Шымкент, қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, ал Өскемен қаласында сақталады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы