Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

12 Ақпан 2019, 08:47
1923
Бөлісу:
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 12 ақпанда Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы