Ауа райының қолайсыздығы. «Үшарал-Достық» автожол учаскесінде жол жабық

18 Қаңтар 2021, 12:28
1645
Бөлісу:
Ауа райының қолайсыздығы. «Үшарал-Достық» автожол учаскесінде жол жабық
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабық, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 09.00-ден бастап қатты жел, боран, бұрқасын, көрінудің шектелуіне байланысты Алматы облысының Алакөл ауданынында «Үшарал-Достық» (Көктұма а.-Достық а., 84-184 шақырым) республикалық маңызы бар автожол учаскеде автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабылды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, әрі бақылауда. Жол қызметтері жолдарды тазалауда. Автожолда 9 жүк автокөлігі тұр, ал жүргізушілер «Достық» станциясында күтуде. 

«Үшарал-Достық» авто және теміржол қатынасы Жоңғар қақпасы деп аталатын учаске арқылы өтеді. Тау өткелінің айта кетерлік ерекшелігі, бұл жерде желдің екпіні секундына 70 метрге дейін жетеді, - делінген хабарламада.
чс.jpeg

Қысқы кезеңнің басынан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» бағытындағы автожолда 12 рет жол жабылды. Сондай-ақ, автожолдың осы учаскесінде 47 адам құтқарылып, эвакуацияланды және 18 техника қар құрсауынан шығарылды.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметі бойынша 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бері ел тұрғындарына «112» телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілді. Елімізде 651 рет дауылды ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шетеу қойылды. 

Алайда, осы ескертулерге қарамастан, адамдар жолға шығып, қар құрсауында қалған жағдайлар болды. Осылайша, қар құрсауынан 204 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды. 186 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қар құрсауынан 57 автокөлікті шығарды, - дейді ол.


Қажет болған жағдайда әкімдіктер қар құрсауында қалған адамдар үшін жылыту пункттерін ұйымдастырады. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда республикалық маңызы бар автожолдарда орналасқан Төтенше жағдайлар министрлігінің 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.

Қысқы маусымда көлікпен алыс жолға шықпас бұрын, міндетті түрде ауа-райы болжамын  қарау қажет.

Егер қатты боран болса, сіз жол кептелісіне түсіп қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасынада тап болуыңыз ықтимал.

Егер Сізге қандай да бір елді мекенге шұғыл бару қажет болса, межелі жерге кедергісіз жету үшін темір жол көлігін пайдалануды ұсынамыз.

Егер Сіз осы қарапайым нұсқауларды орындасаңыз, бұл боран кезінде және бораннан кейін аман қалуға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы