Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

14 Тамыз 2020, 21:32
1001
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК ертең еліміздің бірнеше облысында найзағай ойнап, күшті жел тұрады деп болжайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 15 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында түнде және таңертең 15 тамызда тұман күтіледі.

15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні Ақтау қаласында да таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

15 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Ал Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында найзағай күтіледі. Күндіз жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады екпіні 18 м/с.

Күндіз 15 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

15 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында да 15 тамызда найзағай күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %

Өзгелердің жаңалығы