Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

18 Ақпан 2019, 09:24
1562
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

Астана, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді.

«Қазақавтожол» ЖШС таратқан ақпарат бойынша, Қызылорда облысында 18 ақпан сағат 00:05-тен бастап көктайғақ салдарынан республикалық маңызға ие М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1812-1568 шақырым аралығындағы (Қызылорда-Төретам) барлық көліктер жабылды.

Бұдан тыс, 17 ақпаннан бері, Алматы облысында облыстық маңызға ие «Үшарал-Қамысқала» автожолы (7-60 км);

Қызылорда облысында жаңбыр мен көктайғаққа байланысты облыстық маңыздағы KN-15 «Қызылорда-Жалағаш» (0-91 км, Жалағаш-Қызылорда) және KN-3 «Самара-Шымкент-Тереңөзек» (0-18 км, Тереөзектен-«Самара-Шымкент» күре жолына дейін) автожолы;

Жамбыл облысында боран соғып, көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты облыстық маңызы бар «Тараз-Жаңатас» автожолы да (100-170 км) көліктің барлық түру үшін жабық.

Өзгелердің жаңалығы