Ауа райына байланысты ҚазАвтожол ескерту жасады

25 Қаңтар 2020, 12:47
1894
Бөлісу:
Ауа райына байланысты ҚазАвтожол ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1755 шақырымды құрайтын 17 учаскеде жол қозғасына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтожолдың баспасөз қызметі.

Жол қозғалысы 6 жабық. Оның ішінде ең көп жабылған жол учаскелеріне Ақмола облысына қарасты. Жол қозғалысына шектеу қойылған ең ұзын учаске Екатеринбург-Алматы тас жолы. Республика бойынша жолда 780 техника жұмыс жасауды, - делінген хабарламада.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Өзгелердің жаңалығы