Ауа райына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды

25 Тамыз 2019, 09:07
1176
Бөлісу:
 Ауа райына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазгидрометтің хабарлаунша Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, Қазақстанның тек батыс аумақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстік және орталықтың кей жерлеріне тұман түседі. 

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с болады. 

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шаңды дауыл соғады.  Қостанай облысның кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Павлодар, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді.  Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан обылстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. 

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде және Атырау облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы