Ауа райы. Еліміздің төрт облысында ескерту жасалды

4 Желтоқсан 2020, 18:38
1538
Бөлісу:
Ауа райы. Еліміздің төрт облысында ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 5 желтоқсан күнгі ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста ескерту жариялады.

Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі ҚМЖ сақталады.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Сотүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде  15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Өзгелердің жаңалығы