Ауа райы. Еліміздің бес облысында тұман түседі

5 Желтоқсан 2020, 22:00
1050
Бөлісу:
Ауа райы. Еліміздің бес облысында тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 6 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты еліміздің бес облысында ескерту жариялады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. 

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 23 градусқа дейін аяз сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таразда тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады. 

Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

Өзгелердің жаңалығы