Бас жаңалықтар
Ауа райы. Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды
15 Қаңтар 2021, 22:16 411

Ауа райы. Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 қаңтар күнгі ауа райына байланысты еліміздің алты облысында дауылды ескерту жариялады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желлдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Көкшетау қаласында да оңтүстіктен жел соғып, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні кей жерлерінде 18 м/с, түнде Мұғалжар ауаданында 23 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін барады.

Петропавл қаласында түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...