Ауа райы болжамы: Көп жер желді, тұманды болады

26 Қыркүйек 2020, 06:50
1517
Бөлісу:
Ауа райы болжамы: Көп жер желді, тұманды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 26 қыркүйек күнгі ауа райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, күн райы құбылмалы болады.

Республиканың кей жерінде жауын-шашын, тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-28 м/с жылдамдықпен ұйтқып, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстараның кей жеріне тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жеріне тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы