Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

24 Мамыр 2019, 14:35
1774
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 25-27 мамыр аралығында күн жауын-шашынды болады.

Мамырдың және көктемнің соңғы аптасы, бірақ ауа райы тұрақсыз, жиі жауын-шашын, найзағай және екпінді жел сақталады.

Егер республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33°С көтерілетін болса, ал солтүстік және шығыс облыстарында түнде 3°С дейін үсік сақталады.

Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің Европалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғыл және суық ауа массаларының келуімен байланысты болады, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді.

Өзгелердің жаңалығы